Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жетті. Кабулға гуманитарлық және сауда миссиясымен барған Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Рамазан айында жасалып отырған шараның қасиетін атап өтті. Бірден ұшақ баспалдағында дәрі-дәрмек қораптары қабылдаушы тарапқа тапсырылды. Жалпы көлемі 5 403 тонна, 81 вагон негізгі жүк теміржол арқылы жеткізілді.
Гуманитарлық көмек азық-түлік өнімдерінен тұрады. Сапар барысында біздің мемлекеттік орган өкілдері Ауғанстан тарапымен бірнеше кездесу өткізді.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174581/)