Астанада шахматтан 2023 жылғы Әлем чемпионы атағы үшін матчтың 6-ойынында қытайлық спортшы жеңіске жетті. Осылайша жалпы есепті 3:3-ке жеткізді. Бұл партияда ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий – қара, қытайлық шахматшы Дин Лижэнь ақ фигуралармен ойнады.
Келесі ойын 18 сәуірге жоспарланған. Ал, жалпы матч 14 партиядан тұрады.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ойында есеп теңесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174582/)