Ақұлпаға оранған қаланы тазалауға жауапты мекемелермен бірге қолдарына күрек ұстаған тұрғындар да атсалысып жатыр. Бұдан бөлек, бас шаһардағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері «Тегін такси» акциясын ұйымдастырды. Қазіргі сәтте 15-тен астам ерікті жүргізушілер қол бұлғап, көлік іздеген жандарды тегін тасып жатыр. Қайырымдылық іс-шарасы күн жылынғанша жалғасады.
Рамазан Медеубеков, қала тұрғыны:
Жолда такси тоқтатып тұрғанмын, сосын бұл кісі тоқтап тегін апарамын дегеннен кейін мен таң қалдым. Қазір такси бағасы қымбаттап жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174611/)