Биыл ақпан айында елде 150 мыңнан аса көлік тіркеуден өткен. Бұл биылғы ең жоғары көрсеткіш. Бірақ, тіркеуден өтіп жатқан көліктің көбі - ескі. 50 719 көлік 20 жылдан асқан және тағы 49 мың автомобильді азаматтар 10, 20 жылдан бері пайдаланып келе жатыр. Ал, 3 жылдан артық емес, яғни жаңалау темір тұлпардың қатары 7 827 екен. 5 пайыз ғана. Бұған негізгі себептің бірі – шетелдік көліктерді тіркеуге арналған мемлекеттік акция болса керек. Азаматтар қолжетімді бағамен алыс-жақын шет елден әкелген көлікті 1 шілдеге дейін заңдастырып жатыр.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде ескі көліктер көбейіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174661/)