Қызылордада мемлекет қаражатын жымқырған мектеп есепшісіне қатысты сот үкімі шықты. Ол мемлекеттің 12 миллион 600 мың теңгесін қолды қылған.
Облыстық прокуратура 2021 жылы есепшінің сыбайлас-жемқорлық әрекетін әшкерелеп, қылмыстық іс сотқа жолданған болатын. Осы кезге дейін іс зерделеніп, сот үкімімен лауазымды тұлға кінәлі деп танылды. Және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада мектеп есепшісіне сот үкімі шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174669/)