Үй сату немесе сатып алу, жалпы баспанаға қатысты құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын екі аптаға шегере тұруға тура келеді. 26 сәуір мен мамырдың 9-ы аралығында ХҚКО-ларында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, нысандарды техникалық тексеру қызметтері көрсетілмейді. Ал мамардың 2-сі мен 9 аралығында egov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеу мен техникалық тексеруге онлайн құжат қабылдау тоқтатылады. Сондай-ақ, азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды. Барлық кадастарлық мәліметтер жаңа ақпараттық жүйеге көшіріліп жатқандықтан Халыққа қызмет көрсету орталықтары осындай қадамға барып отыр.
Азамат Нұғыманов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ХҚКО-лар жылжымайтын мүлік бойынша мемлекеттік қызметтерді уақытша көрсетпейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174693/)