Бүгін түнде футболдан UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалының қарымта ойындары өтеді. Екі кездесу де елорда уақытымен 00.50-де басталады. Бірінші ойын италиялық командалар арасында болады.
«Наполи» мен «Милан» кездесуін «Qazaqstan» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Милан» 1:0 есебімен басым түскен.
Екінші кездесуде англиялық «Челси» мен Испанияның «Реал Мадрид» командасы шеберлік байқасады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі. Бұған дейінгі кездесуде испаниялық клуб 2:0 есебімен жеңген болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazaqstan» арнасы «Наполи» - «Милан» матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174707/)