Африканың батысы мен орталығында 48 миллион адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Дағдарысты қарулы қақтығыстар, қуаңшылық, коронавирус және қымбатшылық ушықтыра түскен. БҰҰ-ның гуманитарлық агенттіктері бұған алаңдаулы. Украинадағы соғыс азық-түлік және тыңайтқыштар тапшылығын өршіткен. Басқа елдерден тасымалдау ақысының және жанар-жағар майдың қымбаттауы да африкалықтар үшін оңайға соқпасы анық. Аймақтың импортқа тәуелділігі жаһандық инфляция кезінде ахуалды одан әрі нашарлатып отыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ: Миллиондаған адамға аштық қаупі төнді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174719/)