Теміртау қаласының тұрғындары қоқыс тарифінің қымбаттауына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртау қаласының тұрғындары қоқыс тарифінің қымбаттауына қарсы

19.04.2023

Теміртау қаласында қоқыстың төлем ақысы екі есеге өспек. Осылай деп дабыл қаққан тұрғындардың жаңа тарифпен келіскісі жоқ. Айтуларынша, шаһарда қоқысқа арналған контейнерлер жеткіліксіз. Одан бөлек қалдықтар уақытылы шығарылмайды. Алайда, монополистер 275 теңгелік тарифты бірден 740-қа өсіруді сұрап отыр. Олар мұндай әрекетке баруын 2021 жылы енгізілген жаңа өзгерістермен байланыстыруда. Бірақ бағаны қалалық мәслихат депутаттары мақұлдаса ғана бекіте алады.

Жанат Әбікеева, Теміртау қаласының тұрғыны:

Тазалық жоқ ешқандай. Ол тарифті қалай көтереді? Егер күнде тазаламаса. Мына жерлердің барлығы мусор. Бір апта сайын алса жақсы.

Азиз Оразұлы, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты:

Біз тарифті көтертпейміз. Себебі тұрғындардың әлеуметтік жағдайы бірінші кезекте ескеріледі. Жалақы да мардымды өспеген. Сондықтан қоқыстың төлем ақысын бірден 540 теңгеге қымбаттату еш қисынға келмейді.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу