Қызылорда облысында балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелер көбейген. Тек жыл басынан бері сотқа 12 мыңнан аса талап-арыз түсіп, берешек 379 миллион теңгені құрады.
Сотпен үш айда 900-ден аса талап-арыз қанағаттандырылып, 130 миллион теңге алимент өндірілді. Бүгінде заң аясында қатаң шаралар қабылданып, борышкерлердің тұрғын үйі мен автокөлігіне дейін алынып, берешек өтеліп жатыр. Сондай-ақ, алимент өндірісіндегі істерді уақытында орындамаған 14 жеке сот орындаушыға тәртіптік шара қолданылды. Прокурорлардың ықпалымен балаларынан жалтарған 66 әке әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айдос Әбдібаев, Облыстық прокуратураның басқарма бастығы:
Екі қасқой борышкер соттың шешімін қасақана орындамағаны үшін соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, бір жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында үш айда 135 миллион теңге алимент өндірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174746/)