Бүгін Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып отыр. Апат кезіндегі эвакуациялау жолы, қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау жайы түсіндіріледі.Сейсмикалық қауіпті аймақ тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейі тексеріледі. Айта кетейін, Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Жыл сайын 200-ге жуық әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Сейсмология институтының мәліметінше, жыл соңына дейін шаһарда 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі болмайды. Сондықтан бүгінгі шара жер сілкінісі болады дегенді білдірмейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174790/)