Ақтөбе облысында 5 ауыл алтыншы тәулік жарықсыз отыр. Бұл елді мекендердің үшеуі Ырғыз, қалған екеуі Шалқар мен Хромтау аудандарында орналасқан.
Естеріңізге салсақ, қолайсыз ауа райының салдарынан 14-ші сәуірде өңірдегі 40 ауылда жарық өшкен болатын. Жауаптылар жөндеу жұмыстарының кешеуілдеуін апат болған жерлерге көліктің жете алмауымен түсіндіреді. Өйткені, жауыннан кейін жолдар ми батпаққа айналған. Сондай-ақ, құлаған бағаналарды ауыстыру да көп уақыт алып жатыр.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында бес ауыл алтыншы күн жарықсыз отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174793/)