Малайзияда азықты ысырап қылушылармен күрес жалғасып жатыр. Мұнда еріктілер ел астанасы Куала-Лумпурдағы 50 шақты Рамазан базарын аралап, қалған тамақты жинап, оны мұқтаж жандарға таратады. Кейінгі үш аптаның өзінде олар сатушылармен ынтымақтастық орнатып, 20 мың келі ас жинаған. Бұл акцияның негізгі мақсаты – аштыққа ұшыраған адамдар санын азайту.
Еріктілердің айтуынша, олар бұл жұмысты қолға алмағанда, аталған базарлар Қасиетті айда 75 мың тонна тағамды қоқысқа төгер еді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Малайзияда еріктілер мұқтаж жандарға тағам таратып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174796/)