Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 турнирін сәтті бастады. Ол алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 65-нші орында тұрған Германиялық Юле Нимайермен шеберлік байқасты. Бір жарым сағатқа созылған матчта Елена Рыбакина қарсыласынан екі сетте де басым түсті. Отандасымыз 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды. Жалпы бұл турнирдің жүлде қоры 780 мың еуро.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Е.Рыбакина Германияда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174837/)