Елордада «Eurasian Book Fair-2023» кітап көрме-жәрмеңкесінде жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл жолы оқырман қауымға Әзербайжан халық жазушысы Анардың «Бес қабатты үйдің алтыншы қабаты» атты кітабы ұсынылды. Түркі дүниесінің мәдени-әдеби байланысының нығаюына зор үлес қосқан тұлғаның туындысын қазақ журналистикасының майталманы Қайнар Олжай қазақ тіліне тәржімалаған. Классик жазушының еңбегін «Атамұра» баспасы 1500 дана етіп шығарған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Әзербайжан халық жазушысының кітабы таныстырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174860/)