Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. «Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі. Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар. Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін! Айт қабыл болсын, ағайын!», - деді Мемлекет басшысы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент айт мерекесімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174861/)