Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, екі бала қаза тапты.
Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, екі бала қаза тапты. Сондай-ақ, 69 жастағы зейнеткер жансақтау бөліміне түсті.
Оқиға бүгін таңғы мезгілде болған. Құтқарушылар екі адамды қызыл жалыннан аман алып қалған. Өкінішке орай 4 және 9 жастағы екі бала газға уланып, оқиға орнында көз жұмды. Өрт сөндіруге 3 техника мен 16 адам жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, алдымен үйдің кіре берісі мен ас бөлмесі жанып, жалын төбені шарпыған. Өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде өрттен екі бала қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174862/)