Ұлттық қауіпсіздік комитеті террорлық әрекеттердің алдын алды. Түркістан облысында шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы қылмыс жасауға оқталған. Ал Астанада радикалды діни ұйым әшкере болды. Оның 8 мүшесі лаңкестік топ құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру бойынша күдікке ілінді. Осыған ұқсас деректермен 19 адам ұсталған. Тағы 4 азамат түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық қауіпсіздік комитеті террорлық әрекеттердің алдын алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174867/)