Көкшетау қаласында жергілікті тұрғынды бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды. Ол жәбірленушіні қорқытып, бірнеше мәрте несие алуға мәжбүрлеген. Келтірілген шығын көлемі бір жарым миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда тұрғынды қорқытып, несие рәсімдеткен күдікті ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174933/)