Алаяқтарға алданғандар азаяр емес. Үш айда қазақстандықтар 3 млрд теңгесінен айырылған. 4 мыңнан аса факт тіркелді. Қылмыстың ордасы – онлайн сауда. Түрлі платформалардың веб сайттары мен әлеуметтік желілерде жұрт әккілердің тұзағына түсіп жатыр. Оңай олжаға кенелемін деп оңбай қателескендер көп. Жыл басынан бері 500-ден аса адам табан астынан тақырға отырған. Айылын жимайтын алаяқтар ірі компаниялардың атын жамылып, халықты қанап әлек. Тағы бір қауіпті қадамы – банк атынан қоңырау шалады. Әсіресе, шетелден шабуыл көп. Соңғы 3 айда 15 млн қоңыраудың жолы кесілді.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтар үш айда 3 миллиард теңгеге алданды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174961/)