Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында ішімдіктен толықтай бас тартқан ауыл бар. Сәкен Сейфуллиннің есімін иеленген елді мекенде алкаголь өнімдері ішілмейді де, сатылмайды да. Бұл – әлдекімнің қойған талабы емес, тұрғындардың өз қалауы. Нәтижесінде, ел ішінде ірілі-ұсақты бұзақылық сап тиылған. Соңғы 3 жылда селолық округте бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.
Нұрлан Орынбайұлы, ауыл тұрғыны:
Жастарымыз өте белсенді. Алкаголді ішімдікке мүлде қарсымыз бәріміз. Ауылымыздың тыныш өмір сүріп жатқаны мына ішімдіктің жоқтығы.
Сәкен Картаев, учаскелік инспектор:
Кейінгі жылдары осы ауылда ешқандай қылмыс тіркелген жоқ.ауыл жастары өздерінің еңбекқорлығымен, мал шаруашылығымен айналысады.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлытау облысында бір ауыл ішімдіктен бас тартты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174966/)