Қазақстандық оқушылар FIRST World Championship Дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинацияға қол жеткізді. АҚШ-тың Хьюстон қаласында Робототехникадан өткен жарысқа 6 жастан 18 жасқа дейінгі үш санат бойынша қатысқан жас өрендер жоғары марапаттарға ие болды. Айта кетейін робототехника бойынша Бүкіләлемдік чемпионатқа 110 елден, 36 мыңдай бала қатысты. Ел намысын барлығы 50-ге жуық оқушы қорғады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша дүниежүзілік чемпионатында үш беделді марапатқа ие болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174967/)