Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингдегі позициясы жарияланды. Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартқан рейтингде еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 7-орнында қалса, Юлия Путинцева 45-тен 51-нші сатыға сырғыды. Ерлер арасында Александр Бублик жекелей сында 55-орнын сақтаса, Тимофей Скатов 124-тен 122-ге көтерілді. Бұдан бөлек, қазақстандық теннисшілер ертеңнен бастап «Мадрид мастерс» турнирінде бақ сынайды. Өткен жылы бұл сында Рыбакина үшінші, Путинцева екінші айналымға дейін жеткен еді. Сондай-ақ Қазақстан теннис федерациясы Елена Рыбакинаның денсаулығы жақсы екенін хабарлады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингіндегі орны жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/174997/)