Пәкістандағы полиция ғимараттарының бірінде екі қуатты жарылыс болды. 12 адам қаза тауып, 55-сі жараланған. Марқұмдардың 8-і - полиция қызметкері. Ал жарылыс терроризмге қарсы күрес бөлімшесінде болған. Нысан толықтай қирады. Жақын маңдағы үйлерге де зақым келген. Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылғыш затты жанкешті-лаңкес іске қосса керек. Әзірге, қастандықты ешқандай топ мойнына алған жоқ.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пәкістанда полиция бөлімінде жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175019/)