Батыс Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері пара алды деген күдікке ілінді. Олар шамадан тыс астық тиелген ауыр жүк көліктерін «Самара-Шымкент» күре жолының көліктік бақылау бекетінен кедергісіз өткізуге уәде берген. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанда үш мемлекеттік қызметкер пара алды деген күдікке ілінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175037/)