Бүгін Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасының дамуына қатысты болжамын жариялады. Оған сай биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,5, ал келер жылы 4%-ке артуы мүмкін. Бірақ инфляция биыл жоғары яғни 9-11 процент шамасында болады. Оның жоғары болуына азық-түлік қымбатшылығы әсер етеді. Ал 2024-те инфляция баяулап, 4-6 пайыздық дәлізге оралады деген болжам жасалып отыр. Сондай-ақ инвестиция көлемі артып, жұмыс орындары мен халық табысы артатыны да жазылған.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,5%-ке артуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175053/)