АҚШ президенті Джо Байден екінші мерзімге қалу үшін келесі жылғы сайлауда бақ сынайтынын ресми түрде жариялады. Ол үгіт-насихат жұмыстарын бастауға ниетті. Байден қазір 80 жаста. Егер ол тағы да жеңіске жететін болса, екінші мерзімінің соңында 86-ға толады.
Америка Құрама Штаттарында президенттік сайлау 2024 жылы қарашаның 5-де өтеді. Онда Байденнің басты қарсыласы қайтадан Дональд Трамп болуы мүмкін. Өйткені, Трамп та Байден тәрізді өз партияластары арасында негізгі кандидат атанып отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Байден сайлауда бақ сынайтынын жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175060/)