ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Жиында өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы жаңа жобаларды іске асыру, машина жасауда локализациялауды кеңейту және қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейін 89%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін 24 кәріздік тазарту құрылысын салу жоспарлары қаралды. Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» қызметінің мәселелері, «KEGOC» акцияларының бір бөлігін SPO арқылы бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ 10 коммуналдық меншік ұйымын «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан» алып тастау мәселелері талқыланды.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175097/)