Бокстан Ташкентте өтетін Әлем чемпионаты жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Ташкентте өтетін Әлем чемпионаты жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі

26.04.2023

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкентте өтетін Әлем біріншілігінде чемпион болғандарға жеке қаражаты есебінен 100 мың доллардан береді. Бұл туралы Бокс федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Мемлекет тарапынан да Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы төленеді. 1-орын үшін – 15 мың доллар, 2-орынға 7 мың доллар және үшінші орын иелендерге 5 мың доллар беріледі.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Өзбекстан астанасында өтетін Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу