Бүгін әлемнің әр түкпірінде тұратын 3,4 миллиондай Түркия азаматы жалпыұлттық сайлауда дауыс беруге шақырылды. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, олардың 400 мыңы Францияда, 1 жарым миллионы Германияда таңдау жасайды. Саяси шара 9 мамырға дейін жалғасады. Ал Түркияның өзінде президенттік және парламенттік сайлау мамырдың 14-і күні белгіленген. Егер ешбір кандидат жеңіске жете алмаса, президенттік сайлаудың екінші туры мамырдың 28-де өтуі керек.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркия азаматтары дауыс беріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175174/)