Жуырда «Qazsport» телеарнасынан «Super Bol!» реалити-шоуының екінші маусымы эфирге шығады. Жобаға 16-24 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Олар Қазақстанның 14 қаласында өтетін кастинг арқылы іріктеледі. Бұл іріктеу 4 мамырда Ақтаудан басталады. Мегажобаның алғашқы маусымына 6 мыңдай адам қатысып, 22 үздік ойыншы таңдалған. Олар кәсіби клубтармен келісімшарт жасасу мүмкіндігіне ие болды. Бағдарламаның бірінші саны екінші маусымда эфирге шығады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazsport» арнасында «Super Bol!» шоуының екінші маусымы басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175188/)