![Ақтөбе облысындағы Болгарка ауылында болгар мәдениетінің музейі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78247.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбе облысын мекен еткен 90 ұлыстың бірі – болгарлар, олар елімізге 20-шы ғасырдың басында көшіп келе бастаған. 1910 жылы Сарықобда өзенінің бойында салынған Болгарка ауылында бүгінде 600-дей адам тұрады.
Қазақстанды өз Отанымыз деп санайтын болгарлар өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін ұлықтау мақсатында ауылдан музей ашты. Музейде бірнеше экспозиция жасақталған. Сондай-ақ, қазақ даласына алғаш қоныстанған болгарлардың сол кездегі тұрмысы, тыныс-тіршілігі барынша шынайы бейнеленген.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысындағы Болгарка ауылында болгар мәдениетінің музейі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17520/)