Елімізде депозит көлемі бір жылда 21 пайызға артып, 31 триллион теңгеден асты. Әрі ақшасын теңгеде сақтайтындар көбейген. Мәселен жыл басынан бері ұлттық валютадағы депозит көлемі 2 пайызға артқан. Ал шетел валютасындағы салымдар керісінше 6 процентке азайып отыр. Жинақтың басым бөлігі яғни, 17 триллион теңгесі жеке тұлғаларға, қалған 14 триллионы заңды тұлғаларға тиесілі. Сарапшылар теңгедегі салымның артуын базалық мөлшерлеменің көтерілуімен байланыстырады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде депозит көлемі бір жылда 21 процентке артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175260/)