Маңғыстаудағы кен орнында жарылыс болып, бір адам қаза тапты.
Қайғылы жағдай Жетібай кен орнында монтаждау жұмыстары кезінде болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Жетібаймұнайгаз мекемесінде бұрғылау-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болған. Салдарынан газ-электр дәнекерлеуші, Қазақстан азаматы оқиға орнында мерт болды. Ал бұрғылау қондырғысының шебері, Қытай азаматы басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
Аягөз Оралбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда кен орнындағы жарылыстан бір адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175313/)