Орал қаласына еліміздің түкпір-түкпірінен мүсіншілер жиналды. Мақсат - шаһар күніне арнап тарту жасау. Осыған орай ашық аспан астын шеберхана еткен өнер иелері тастан сан түрлі мүсіндер қашауға кіріскен.
Мүсіншілер үшін Маңғыстаудан әрбірінің салмағы екі тонна тартатын әктастар әкелінді. Бір аптаның ішінде шомбал тастар шабылып, қашалып, белгілі бір пішінге келтірілді. Шеберлердің шабытынан туған әр дүниеден ұлттық нақыш байқалады.
Рауан ДИӘЛИ