Астана ЛРТ ісіне қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданды сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырды. Екеуі де қазір елде жоқ. Халықаралық іздеуде. Бірі Түркияда екіншісі АҚШ-та болуы мүмкін деген болжам бар. Жалпы айыпталушылар қатарында жеті адам бар. Оларға 5 миллиард 800 миллион теңгені жымқырды деп айып тағылған. Ұлықбек Ачилов, Дәурен Әбдіхамитов, Рашид Аманжолов, Жаната Нұрпейісова, Талғат Әшім, Тимур Асабаев, Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Соңғы үшеуіне тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, 3 жылға пробациялық бақылау белгіленді. LRT ісі бойынша сот 2020 жылдың күзінде басталған еді.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=LRT ісі бойынша үкім шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175428/)