Төрт балалы аналарды зейнетке ерте шығару керек. Депутаттар бүгін осындай ұсыныс айтты. Өйткені, қазір елімізде 5 және одан да көп бала туған немесе асырап алған әйелдер 53 жасында зейнетке шығады. Енді олардың қатарына 4 балалы аналар да қосылу керек деп отыр. Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева көп балалы аналардың өмір бойғы мәртебесін бекіту туралы айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Депутаттар төрт балалы аналардың зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175439/)