Сербия астанасы Белградта мыңдаған адам мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандарды еске алды. Олар білім ордасының алдында шырақ жағып, гүл шоқтарын қойды. Кеше 13-тегі жасөспірім әкесінің екі тапаншасымен оқ атып, 8 оқушы мен күзетшіні мерт қылды. Өлгендердің жетеуі – қыз бала. Тағы алты оқушы мен мұғалім жараланып, ауруханаға түсті. Олардың кейбірінің жағдайы өте ауыр. Полицияға өзі берілген шабуылшы, енді психиатриалық ауруханаға жатқызылады. Ал оның ата-анасы тұтқындалған. Тағы бір айта кететін жайт, осы трагедияға байланысты Сербияда алдағы үш күн қаралы деп жарияланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сербия астанасында мыңдаған адам мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандарды еске алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175455/)