![Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78260.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстандағы Абай ауданында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті. Үш кезеңнен тұратын сында білімді жастар Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқудан, ақындардың әндері мен күйлерін орындаудан сынға түсті. Сондай-ақ өз шығармаларын таныстырды.
«Мақсатымыз мінсіз орындалып келеді. Абай оқулары алғаш қолға алынған жылдары ұлы ақынның 100-ден астам өлеңін білетін жастар болса, бүгінде 300- 400 шығарманы жатқа айтатындар бар. Бұл ойшылдың рухани мұрасының өскелең ұрпақтың бойына сіңіп, мәнінің арта түскендігінің белгісі»-дейді мамандар
Ержан ЖАҚЫП
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17546/)