Қытаймен шекарадағы жүк тасымалдаушылар кезегі азайды. Бұл туралы Сенат қабырғасында Қаржы вице-министрі айтты. Қытай консулдығымен арадағы келіссөз нәтижесінде қазақстандық тасымалдаушыларға аптасына 500 виза беруге қол жеткізілді. Сондай-ақ өткізу пунктерінде жұмыс уақыты ұлғайтылды. Ведомство өкілінің айтуынша, жыл басында «Нұрлы жол» бекеті ашылғанда мұнда 15 мыңға дейін кезек күткен көліктер болған.
Ержан Біржанов, ҚР ҚАРЖЫ министрінің орынбасары:
Қытай – біздің басты партнерларымыз деп санауға болады. Қазақстандықтарға жеңілдіктер жасалса визасыз Қытайға өтуге аз уақытта, онда бұл сауда-саттықты дамытуға өзінің бір әсері болуы мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытаймен шекарадағы жүк тасымалдаушылар кезегі азайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175480/)