Қақтығыс өршіген Судан астанасы Хартум тұрғындары электр қуатына зәру. Қаланың кейбір аудандарында 6 күн бойы жарық жоқ. Сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындауда. Африкалық мемлекетте билікке таласушы топтар арасында қақтығыстың басталғанына 3 аптадай уақыт болды. БҰҰ тараптарды келіссөздер жүргізуге шақырды. Жағдай осылай жалғаса берсе, аймақ елдеріне гуманитарлық дағдарыс қауіп төндіріп тұр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Судан астанасы Хартум тұрғындары электр қуатына зәру&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175513/)