Абай облысында биыл 235 шақырым жол жөнделеді. Қала мен аудан орталықтарын қоспағанда ауыларалық жолдар да қалыпқа келтірілмек. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 33 жобаны жүзеге асыруға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қазір осы арқылы елдімекендерді аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы Ақсуат ауданына осы мақсатқа 1 миллиард 600 мың теңге бөлінген. Қазір ауыл жолдарына асфальт төсеу басталып кетті. Жылдар бойы қара жолмен қатынап келген халық орталыққа қатынас жеңілдейтін болды деп риза.
Мариха Нұрханқызы, Танамырза ауылының тұрғыны:
Көп қиындық көретінбіз. Ауылдың жастарына мектептен басқа ештеңе жоқ. Барып-келіп жұмыс істейтіндер өте қиналатын. Қолға алып тас жолымыз, асфальт жол болатын болып жатыр. Ауылымыз қуанып жатыр.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай облысында биыл 235 шақырым жол жөнделеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175529/)