Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Францияда өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ол жарыстың екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 114-орында тұрған Финляндия өкілімен шеберлік байқасты.
Тартысты өткен матчта Александр Бублик екі сетте де қарсыласынан басым түсті. Енді ол жартылай финалға шығу үшін франциялық Гарольд Майомен ойнайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Александр Бублик Францияда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175565/)