Ресейдің Орал тауларын шарпыған өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ормандарға әдейі от қойылды деген болжам бар. Ал Қазақстанмен шекаралас Қорған облысында 46 күдікті анықталып, 7 тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің ішінде кәмелетке толмағандар бар. Олардың неліктен жасыл желектерді өртегені әзірге белгісіз. Бұл өрт Қорған мен оған көршілес Түмен облыстарында сәуірде басталды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдің Орал тауларын шарпыған өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175643/)