Қостанайда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Күдіктінің қылмыстық әрекетін Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Полиция Департаменті ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп әшкерелеген. Қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175646/)