Азия чемпионатында зілтеміршілер жүлдесіз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия чемпионатында зілтеміршілер жүлдесіз қалды

10.05.2023

Оңтүстік Кореяда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты да өтіп жатыр. Бүгінгі жарыс күні зілтеміршілеріміз үшін сәтті бола қоймады. Әйелдер арасында 76 келі салмақта сынға түскен Арай Нұрлыбекова төртінші орын алды. Жұлқа көтеруде 98 келі салмақты еңсерсе, серпе көтеруде 120 келі салмақты бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 218 келіні көтерді. Ал, ерлер арасында 89 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сергей Петрович жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу