Қатарда дзюдодан әлем чемпионатының төртінші күні аяқталды. Қазақстандық балуандар бүгін де жанкүйерлерін жарқын жеңісімен қуанта алмады. Яғни қоржында медаль жоқ. Бүгін татамиге екі отандасымыз шықты. Бұрымдылар бәсекесінің 63-келіге дейінгі санатында Эсмигуль Куюлова бақ сынады. Бәсекені екінші айналымнан бастаған ол бірінші кездесуде-ақ федерация атынан шыққан Камила Бадуроваға жол берді. Белдесу небәрі 16-секундта аяқталды. Ал 81-келідегі үмітіміз Абылайхан алғашқы сында Португалиялық спортшыдан басым түсті. Келесі айналымда бразилиялық татами шеберімен сынға түскен балуанымыз қорғанысты ұмыт қалдырып, жеңіліп қалды.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дзюдодан әлем чемпионатында ел қоржынына жүлде түскен жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175686/)