Қарағандыда 2 жастағы сәби 7-ші қабаттың ашық тұрған терезесінен құлап, мерт болды. Бұл осымен жыл басынан бергі үшінші жағдай. Құлаған бүлдіршіндер аман қалғанымен, ауыр жарақат алған. Облыс бойынша жыл сайын 20-ға жуық нәресте осылай зардап шегеді. Мысалы өткен жылы Қарағанды қаласында 9 бала жоғарғы қабаттан құлаған. Оның 8-і ауыр жарақаттанған. Қазір заң бойынша құрылыс компаниялары жаңа үй салған кезде терезеге міндетті түрде қауіпсіздік құлыптарын орнатуы тиіс.
Асхат Маханов, қалалық ТЖБ басшысының орынбасары:
Құлаған 3 баланың екеуі зардап шексе, бір бала қайтыс болды. Пластик тереземен айналысатын фирмалармен де сөйлесіп, оларға айтып, халық сатып алып жатқан жағдай болса сол кісілерге айтып-жеткізуді профилактика ретінде айтамыз.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда 2 жастағы сәби терезеден құлап, мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175705/)