Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді. Сол жағалауда бой көтеріп жатқан ғимарат қара түтінге оранған видео әлеуметтік желіде әп-сәтте тарап кетті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер, тұрғын үй кешенінің аумағында битум және сыртқы қаптаманың жанғанын хабарлады. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтаған, зардап шеккендер жоқ деді.
Райхан Сайранбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175730/)