«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының жаңа «Дара» интелектуалдық жобасына Талдықорғандағы жоғары оқу орнының студенттері де қатысады. Білім ордасының 6 факультетінен іріктелген 6 тәлімгер еліміздің басқа да аймақтарынан келетін замандастарымен ой жарыстыратын болады. «Дара» ұлттық білім бәйгесіне 32 жоғарғы оқу орнынан 200-ге жуық студент келеді деп күтілуде. Бағдарлама 3 кезеңнен тұрады. Басты мақсат жастардың логикалық ойлау қабілеттерін, шешендік өнерін шыңдап, университеттердің білім деңгейін анықтау.
Болат Сериев, университет проректоры:
Республикалық, облыстық маңызды шараларға қатысып, өзін тиісті дәрежеде дәлелдеп, сөйлеу шешендігін көрсеткен, сөз саптауы мықты, ойлау өрісі жоғары адамдарды іріктедік.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісулық жастар «Дара» жобасына қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175737/)